Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларымен бірге жаңа турнирде бақ сынайды
Жарыс қорытындысы бойынша FIDE-нің аралас форматтағы әлем чемпионы анықталады.
totalchess /instagram
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Total Chess World Championship Tour аясындағы турнирге қатысады.
Жарысқа барлығы 24 шахматшы қатысады. Қазіргі уақытта олардың 18-і турнирге қатысатынын растаған. Қалған алты орынның иелері алдағы уақытта белгілі болады.
Бибісара Асаубаевадан бөлек, турнирге әлемдік рейтингтің үздік шахматшылары қатысады. Олардың қатарында әлемнің бірінші ракеткасы Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Винсент Кеймер, Уэсли Со, Аниш Гири, Нодирбек Абдусатторов, Арджун Эригайси, Алиреза Фируджа, Прагнанандхаа, Ян-Кшиштоф Дуда, Рихард Раппорт, Ханс Ниманн, Ян Непомнящий, Максим Вашье-Лаграв, Айк Мартиросян және Владислав Артемьев бар.
Total Chess World Championship Tour барысында шахматшылар блиц, рапид және жылдам классикада бақ сынайды. Жарыс жеңімпазы барлық үш форматта жинаған ұпайларының жалпы қорытындысы бойынша анықталады.
Total Chess World Championship Pilot турнирі 10-21 қараша аралығында Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. Ал турнирдің толыққанды нұсқасы 2027 жылы басталады.