Кәрім Меңдіқанов «Барселонаның» жасөспірімдер командасында дебют жасады
Жас талант мансабын «Барселона» академиясында жалғастыруда.
ашық дереккөзден
Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов каталониялық «Барселонаның» жасөспірімдер командасы сапында алғашқы ойынын өткізді.
Биыл шілде айында Кәрім Меңдіқанов «Барселонамен» келісімшарт жасады. Осылайша қазақстандық футболшы әлемдегі ең танымал клубтардың бірінің академиясында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Кәрім 2022 жылы Испанияға көшіп, футболдағы жолын жергілікті жүйеде жалғастырған. Өткен маусымда ол аймақтық лигада өнер көрсеткен «Серданьола» клубының сапында ойнап, өз өнерімен мамандардың назарын аударды.
2026 жылдың басында жас футболшы «Сант-Кугат» командасына ауысып, көп ұзамай ұжымның негізгі ойыншыларының біріне айналды. Шабуылдың оң қанатында өнер көрсететін Меңдіқановтың сәтті ойыны бірнеше клубтың қызығушылығын тудырған. Алайда футболшы мансабын «Барселона» академиясында жалғастыруды таңдады.
Ал бүгін 15 жастағы Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы «Барселонаның» «Кадет А» (U-16) командасы сапында алаңға шықты. Меңдіқановтың дебюті «Ла Масия» академиясының басқа командасына қарсы жабық жаттығу кездесуінде өтті.
Енді қазақстандық жас талант Каталониядағы әйгілі командада шеберлігін одан әрі шыңдамақ.