Мемлекет басшысы FIBA президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Биыл отандық баскетбол тарихына 100 жыл толды.
ашық дереккөзден
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді қабылдады. Кездесуде Қазақстандағы баскетболды дамыту және халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында бұқаралық және кәсіпқой баскетболды дамыту, спорттық резерв даярлау және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді. Сондай-ақ 3×3 баскетболына қызығушылықтың артып келе жатқаны айтылды.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Али Әл-Тәниді Қазақстандағы баскетболды дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу