Стас Покатилов Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнайды

Чемпиондао лигасының жеребе тарту рәсімі 27 тамызда өтеді.

Стас Покатилов Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде ойнайды ашық дереккөзден

Қазақстандық қақпашы Стас Покатилов өнер көрсететін Әзербайжанның «Сабах» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Бакулік команда іріктеу кезеңінің плей-офф раундында Израильдің «Хапоэль Беэр-Шева» клубымен кездесті. Алғашқы матчта «Сабах» сырт алаңда 1:2 есебімен жеңілген болатын. Сондықтан жауапты ойында әзербайжандық клубқа кемінде екі доп айырмасымен жеңіске жету қажет еді.

Бакуде өткен жауапты кездесуде есепті 10-минутта «Хапоэльдің» шабуылшысы Игор Златанович ашты. Алайда «Сабах» бірінші тайм аяқталмай жатып есепті теңестірді. 38-минутта Кристиан Нвачукву мергендік танытты.

61-минутта Гай Мизрахи қонақтарды қайтадан алға шығарды. Дегенмен алаң иелері берілмей, 74-минутта Умарали Рахмоналиевтің голы арқылы есепті 2:2-ге жеткізді.

Негізгі уақыттың соңына қарай матч одан әрі қыза түсті. 90+4-минутта Теллур Муталимов үшінші голды соғып, команданың жалпы есеп бойынша алға шығуына мүмкіндік берді. Осылайша кездесу қосымша уақытқа ұласты.

Қосымша уақыттың 100-минутында «Хапоэль» ойыншысы Джибриль Диоп қызыл қағаз алып, командасы он ойыншымен қалды. Бір минуттан кейін Орфе Мбина есепті 4:2-ге жеткізді. Ал 115-минутта Джой-Лэнс Микелс бесінші голды салды. 

Осылайша «Сабах» жауапты кездесуде 5:2 есебімен жеңіп, екі матчтың қорытындысы бойынша 6:3 есебімен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне өтті.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу