Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық желаяқ соңғы сегіз жылдағы үздік нәтижесін тіркеді.

Виктория Ан Орталық Азия чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды ашық дереккөзден

Ташкентте жеңіл атлетикадан III Орталық Азия чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қазақстандық Виктория Ан әйелдер арасында 200 метрге жүгіруден алтын медаль жеңіп алды.

Спортшы финалда жарыс жолын 24,05 секундта еңсеріп, бірінші орынға ие болды. Бұл Виктория Анның соңғы сегіз жылдағы 200 метр қашықтықтағы ең үздік нәтижесі. Ол бұдан жылдамырақ көрсеткішті соңғы рет 2018 жылғы 24 шілдеде Қазақстан чемпионатында тіркеген. Сол жарыста 23,18 секунд нәтижесімен алтын медаль алған еді.

Осылайша, Виктория Ан III Орталық Азия чемпионатында екінші алтын жүлдесін иеленді. Бұған дейін ол 100 метрге жүгіруден 11,85 секунд нәтиже көрсетіп, чемпион атанған болатын.

200 метрлік финалда екінші орынды Өзбекстан өкілі Лайло Аллаберганова 24,25 секунд нәтижемен иеленді. Грузиялық Ани Мамацашвили 24,78 секунд көрсеткішпен қола жүлдеге қол жеткізді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу