«Будё-Глимт» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды

27 тамыз күні Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді.

«Будё-Глимт» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды ашық дереккөзден

«Будё-Глимт» Чемпиондар лигасы 2026/2027 жылғы маусымының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта Нидерландының «НЕК Неймеген» клубын жеңіп, турнирдің жалпы кезеңіне өтті.

Кездесу Норвегияның Будё қаласындағы «Аспмюра» стадионында өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 3:0.

Матчтың 3-минутында қонақтар қақпашысы Гонсало Креттас қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бірінші таймның қосымша уақытында «Будё-Глимт» екі гол соқты. 45+2-минутта Фредрик Бьёркан есеп ашса, 45+6-минутта Сондре Эукленн командасының басымдығын арттырды. 74-минутта «НЕК Неймеген» қорғаушысы Деверон Фонвилл автогол авторы атанды.

Алғашқы кездесуде де «Будё-Глимт» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша норвегиялық команда 6:1 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу