Бибісара Асаубаева рапидтен чемпион атанды

Турнир Францияда өтуде.

Бибісара Асаубаева рапидтен чемпион атанды wrchessofficial

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өтіп жатқан WR Women’s Chess Tour 2026 Europe супертурнирінде рапид бойынша чемпион атанды.

Ширек финалда Асаубаева тай-брейкте Германия өкілі Элизабет Петцтен басым түсті. Жартылай финалда қазақстандық шахматшы грузиялық Нино Бациашвилимен кездесті. Шешуші «Армагеддон» партиясында Бибісара қара фигуралармен ойнап, тең нәтижені сақтап, финалға жолдама алды.

Финалда оның қарсыласы украиналық Мария Музычук болды. Алғашқы партияда қазақстандық шахматшы жеңіске жетсе, екінші кездесуде де қарсыласынан басым түсті.

Осылайша, Бибісара Асаубаева алғашқы күннің қорытындысы бойынша 5,5 ұпай жинап, WR Women’s Chess Tour 2026 Europe кезеңінің рапид турнирінде чемпион атанды.

Бүгін турнирдің блиц бағдарламасы басталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу