Анна Данилина Монтеррейдегі WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

Турнир жеңімпазы қомақты сыйақымен қатар WTA рейтингінде 500 ұпайға ие болады.

Анна Данилина Монтеррейдегі WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисші жарыста жапониялық Мия Катомен өнер көрсетіп жатыр. Бірінші айналымда олар қытайлық Чань И Тан мен мексикалық Рената Сарасуаға қарсы ойнады.

Кездесу үш партияға созылып, Данилина мен Като чемпиондық тай-брейкте жеңіске жетті. Матчтың жалпы есебі 4:6, 6:2, 10:6.

Теннисшілер кортта 1 сағат 24 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық-жапониялық жұп бір эйс жасап, бес рет қосарланған қателік жіберді. Сондай-ақ 13 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Осылайша, Анна Данилина мен Мия Като турнирдің ширек финалына жолдама алды. Келесі кезеңде олар ресейлік Мария Козырева мен британиялық Майя Ламсденге қарсы ойнайды.

Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 1,206,446 АҚШ долларын құрайды. 23 тамыз басталған турнир 29 тамыз мәресіне жетпек. Турнирде жекелей жарыста 28 теннисші, ал жұптық жарыста 16 теннисші сынға түсуде. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу