Бүгін Чемпиондар лигасының жеребесі тартылады
Турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алған 36 команда белгілі болды.
ашық дереккөзден
2026/27 жылғы маусымда УЕФА-ның басты клубтық турнирі - Чемпиондар лигасының 72-ші маусымы өтуде.
Жарыстың алғашқы матчтары 2026 жылғы 7 шілдеде басталды. Ал финал 2027 жылғы 5 маусымда Мадрид қаласындағы «Метрополитано» стадионында өтеді.
Мадрид Чемпиондар лигасының финалын алтыншы рет қабылдайды. Бұл көрсеткіш бойынша Испания астанасынан тек Лондон алда. «Метрополитано» стадионы Чемпиондар лигасының финалын екінші рет өткізеді. Аталған аренада 2019 жылғы шешуші кездесуде «Ливерпуль» «Тоттенхэмді» 2:0 есебімен жеңіп, чемпиондыққа қол жеткізген болатын.
2026/27 жылғы маусымның жалпы кезеңіне 36 команда қатысады. Олар төрт себетке бөлінді:
1-себет: «ПСЖ», «Бавария», «Реал», «Ливерпуль», «Интер», «Манчестер Сити», «Арсенал», «Барселона», «Атлетико».
2-себет: «Боруссия» (Дортмунд), «Рома», «Спортинг», «Астон Вилла», «Порту», «Манчестер Юнайтед», «Брюгге», «Бетис», ПСВ.
3-себет: «Фейеноорд», «Лилль», «Будё-Глимт», «Наполи», «Лейпциг», «Вильярреал», «Фенербахче», «Шахтер», «Галатасарай».
4-себет: «Славия» (Прага), «Штутгарт», АЕК (Афина), ЛАСК, «Комо», «Ланс», «Викинг», «Сабах», «Слован» (Братислава).
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жеребе тарту рәсімі бүгін, 27 тамызда Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады. Жеребе нәтижесінде турнирдің жалпы кезеңіндегі командалардың қарсыластары анықталады.