Ербол Мырзабосынов жас дзюдошыларды марапаттады

Қазақстан құрамасы дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11 медаль жеңіп алды.

Ербол Мырзабосынов жас дзюдошыларды марапаттады ҚР Туризм және спорт министрлігі

Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық дзюдошылар мен олардың жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пен Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте 11 жүлдеге қол жеткізді. Бұл нәтиже отандық дзюдо тарихындағы әлем чемпионаттарындағы үздік көрсеткіштердің бірі болды.

Марапаттау барысында спортшылардың жетістігімен қатар, олардың жоғары нәтижеге жетуіне үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегі де атап өтілді. Бірқатар маман министрліктің төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Әлем чемпионатында жүлде алған 15 спортшыға Туризм және спорт министрлігінің Алғыс хаттары табысталды. Сондай-ақ командалық жарыста жеңіске жеткен бапкерлерге арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу