Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда күміс медаль жеңіп алды

Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жас теннисшілер WTT Youth Contender Varazdin турнирінде сынға түсуде.

Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда күміс медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстандық спортшы U13 жас санатында бақ сынап, жарыстың финалына дейін жетті.

Жарыс барысында Жәния Бекмұхамбетова Словения өкілі Эма Калужаны, хорватиялық Зита Петрович пен Стелла Пресецкиді, румыниялық Сара Серпа мен Изабела Пастинаны, сондай-ақ Сингапур өкілі Линь Цзяцзюньді жеңді. Қазақстандық спортшы барлық қарсыласын 3:0 есебімен ұтты.

Финалда Жәния Бекмұхамбетова Хорватия спортшысы Лизетт Фазекашпен кездесті. Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 1:3 есебімен жеңіліп қалды. 

Айта кетейік, турнир 25-31 тамыз аралығында U11, U13, U15, U17, U19 санатындағы спортшылар арасында өтуде. Турнирдің жүлде қоры 1000 АҚШ долларын құрайды. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу