Арина Қуанышева жағажай күресінен U17 әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді
Әлемдік дода бүгін, 27 тамызда Әзербайжан астанасы Бакуде өтті.
ашық дереккөзден
Қазақстандық жас балуан Арина Қуанышева жағажай күресінен U17 әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды.
65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арина Қуанышева финалға берілетін жолдама үшін өткен белдесуде алаң иесі Рана Нуриевадан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Ал қола жүлде үшін кездесуде қазақстандық спортшы жапониялық Канна Такарадзимадан басым түсті. Арина қарсыласын 1 минут 8 секундта 4:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола медалін қоржынға салды. Ол жеті белдесудің алтауында жеңіске жетті.
Айта кетейік, биылғы U17 әлем чемпионатына әлемнің 20 елінен 123 спортшы қатысты.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу