«Барыс» СКА-ға буллиттер сериясында есе жіберді

«Барыс» Пучков турниріне қатысуда.

«Барыс» СКА-ға буллиттер сериясында есе жіберді ашық дереккөзден

Санкт-Петербургте өтіп жатқан Пучков турниріндегі алғашқы кездесуін астаналық «Барыс» СКА командасына қарсы өткізді. Бұл ойында елордалық клуб сапында шабуылшы Джастин Бэйли алғаш рет айдынға шықты. Қақпаны Хантер Шепард қорғады.

Матчтағы алғашқы шайба астаналықтардың өз аймағында жіберген санаулы қателіктерінің бірінен кейін соғылды. Осы мүмкіндікті Матвей Короткий сәтті пайдаланып, 28-минутта СКА-ны алға шығарды.

Соңғы кезеңде «Барыс» ойын тізгінін толық өз қолына алды. Астаналық хоккейшілер қарсылас қақпасына бірнеше рет қауіп төндіріп, матч соңына қарай есепті теңестірді. Ойын аяқталуға санаулы минут қалғанда Всеволод Логвин есепті теңестіріп, кездесуді овертаймға жалғады.

Қосымша бес минутта командалар есепті өзгерте алмады. Ал буллиттер сериясында СКА хоккейшілері жеңіске жетті.

Осылайша, «Барыс» Пучков турниріндегі алғашқы матчында СКА-дан буллиттер сериясында жеңілді.

28 тамызда Михаил Кравец шәкірттері СКА ВМФ командасымен кездеседі. Матч Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу