«Қайраттың» Еуропа лигасындағы жорығы аяқталды

«Қайрат» Брюссельде «Андерлехтке» есе жіберді.

«Қайраттың» Еуропа лигасындағы жорығы аяқталды ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матчта бельгиялық «Андерлехтпен» кездесті.

Ойын Брюссельдегі «Констант Ванденсток» стадионында өтті. Кездесудің алғашқы минуттарынан алаң иелері белсенділік танытып, қазақстандық клубтың қақпасына бірнеше рет қауіп төндірді. «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмырза командасын бірнеше қауіпті сәттен құтқарып қалды.

Бірінші таймның ортасына қарай алматылықтар шабуылға көбірек шықты. Луиш Мата қақпашымен бетпе-бет шыққанымен, Колин Коосеманстан айласын асыра алмады.

Кездесудің бірінші бөлігінің соңында Олжас Байбек айып алаңында қолмен ойнады. Нәтижесінде 11 метрлік соққыны Михайло Цветкович сәтті орындап, бельгиялықтарды алға шығарды.

Екінші таймның басында Даниил Сикан есеп айырмасын ұлғайтты. Кейін алаң иелері тағы бір гол соғып, матчты 3:0 есебімен аяқтады.

Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша «Андерлехт» 6:0 есебімен жеңіске жетіп, УЕФА Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды. Ал «Қайрат» еурокубоктағы жорығын УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу