«Шахтер» Премьер-лигаға жолдама алды
Қарағандылық клуб 2027 жылдан бастап ҚПЛ-да өнер көрсетеді.
ашық дереккөзден
Қарағандылық «Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды. Команда Бірінші лига чемпионатының аяқталуына алты тур қалғанда жоғары дивизионға өтуді мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.
Қарағанды клубы бұл нәтижеге Семейде өткен 20-тур матчында қол жеткізді. «Шахтер» «Елімай-Ж» командасын 3:0 есебімен жеңді.
Кездесудегі есепті 37-минутта Андрей Ульшин ашты. Диас Қалыбаевтың пасынан кейін шабуылшы дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Бірінші таймның соңында Нұрхан Қағазбаев есепті еселеді. Ол айып алаңының сыртынан соққы жасап, допты қақпаға бағыттады. Осылайша, үзіліске «Шахтер» 2:0 есебімен шықты.
Екінші таймда қарағандылық команда басымдығын сақтап қалды. 70-минутта Артем Литош алаңға шыққаннан кейін көп ұзамай үшінші голды соқты. Бұл оның чемпионаттағы 19-голы болды.
Қорытынды есеп - 3:0. Осы жеңістен кейін «Шахтер» турнирлік кестедегі жағдайына қарамастан, маусымның соңына дейін қажетті ұпай санын жинап, Қазақстан Премьер-лигасына мерзімінен бұрын жолдама алды.