«Қайраттың» Конференция лигасындағы қарсыластары анықталды
«Қайрат» Конференция лигасында алты матч өткізеді.
ашық дереккөзден
«Қайрат» Конференция лигасының жалпы кезеңінде бақ сынайды. Жеребе нәтижесінде Қазақстан чемпионының қарсыластары анықталды.
Жеребе тарту рәсімі бүгін Монакода өтті. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері жалпы кезеңде Италияның «Аталанта», Грекияның «Панатинаикос», Румынияның «Университатя Крайова», Нидерландының «Твенте», Швецияның «Мьельбю» және Латвияның «Рига» командаларымен кездеседі.
«Қайрат» алты матч өткізеді. Оның үшеуі Алматыда өтсе, қалған үш кездесу сырт алаңда ұйымдастырылады.
Конференция лигасының жалпы кезеңіне 36 команда қатысады.
Жалпы кезеңнің матчтары 15 қазан, 22 қазан, 5 қараша, 26 қараша, 10 желтоқсан және 17 желтоқсан күндері өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда алматылық клуб өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын. Биыл өкінішке қарай, мұндай нәтижеге қол жеткізе алмады.