Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық спортшы қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді.

Еркебұлан Тоқтар қарсыласын нокаутпен жеңді ашық дереккөзден

Астанада IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирі аясында қазақстандық Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокс ережесі бойынша кезекті жекпе-жегін өткізді.

Суперорта салмақта өткен кездесуде оның қарсыласы Өзбекстан өкілі Бобиржон Исроилов болды. Еркебұлан кездесуді белсенді өткізді. Жекпе-жек барысында Исроилов төрт рет нокдаунға түсті.

Нәтижесінде төреші жекпе-жекті екінші раундта тоқтатып, Еркебұлан Тоқтарға техникалық нокаутпен жеңіс берді.

Осылайша қазақстандық боксшының кәсіпқой бокстағы жеңістер саны үшке жетті. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу