Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокста дебют жасады

Астанада International Boxing Day турнирі өтті.

Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокста дебют жасады ашық дереккөзден

Бүгін Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, бірден чемпиондық белбеуге ие болды.

Астанада өткен IBA Nomad лигасының International Boxing Day турнирінде Санжар филиппиндік Нил Хакамоспен кездесті. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте IBF Asia ұйымының бірінші жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынды.

Қазақстандық былғары қолғап шебері кездесу барысында белсенділік танытып, бесінші және сегізінші раундтарда қарсыласын нокдаунға жіберді. Соған қарамастан жекпе-жек он раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен Санжар Тәшкенбай жеңіске жетті.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуінде жеңіске жетіп қана қоймай, WBA Asia титулын иеленді. 

Астанадағы бокс кешінде өзге де спортшылар шаршы алаңға шықты. Руслан Мадиев Имран Агаевтан төрешілердің бірауыздан шешімімен басым түсті.
Молдова өкілі Василий Чеботарь мексикалық Хосе Мигель Боррегоны жеңсе, ресейлік Вадим Туков венесуэлалық Эдди Колменаресті ұтты.
Ал, қазақстандықтар Айдос Жаппарбергенов пен Алмаз Нұрғали арасындағы жекпе-жекте Нұрғали төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Бұл кездесуде IBA Nomad ұйымының жеңіл салмақтағы чемпиондық атағы сарапқа салынған болатын.
Қанат Құлмағамбетов ресейлік Тимур Абдурахмановты екінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ Сәкен Бибосынов Иммануэль Йозефтен басым түссе, Еркебұлан Тоқтар өзбекстандық Бобиржон Исроиловты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу