Абылайхан Жұбаназар Lausanne Grand Slam турнирінің чемпионы атанды
Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирлеріндегі сегізінші медаліне қол жеткізді.
ашық дереккөзден
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Lausanne Grand Slam 2026 халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
81 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық спортшы жарыста алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Жұбаназар турнир жолында Чехия, Украина, Грузия, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшыларын ұтты. Финалда өзбекстандық Арслонбек Тожиевпен кездесіп, қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Абылайхан Жұбаназар Lausanne Grand Slam 2026 жарысының жеңімпазы атанды.
Швейцариядағы додаға әлемнің 77 елінен 513 дзюдошы қатысып жатыр. Турнир Олимпиада рейтингіне ұпай беретін маңызды жарыстардың қатарына кіреді.
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы
Insports.kz
Жазылу