Дастан Сәтпаевтың командасы ірі есеппен жеңіліс тапты

Бүгін қазақстандық шабуылшы матчты толық өткізді.

Дастан Сәтпаевтың командасы ірі есеппен жеңіліс тапты ашық дереккөзден

Англия чемпионшипінің үшінші турында «Бёрнли» сырт алаңда «Норвичтен» ірі есеппен жеңілді. Кездесу 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев «Бёрнлидің» негізгі құрамында алаңға шықты. «Норвич» есепті екінші минутта ашты. Мохамед Туре дәл соққысымен көзге түсті. Арада үш минут өткенде Андре Брукс алаң иелерінің басымдығын еселеді.

21-минутта Туре өзінің екінші голын соқты. Бірінші тайм аяқталғанға дейін «Бёрнли» есеп айырмасын қысқартты. 27-минутта Джош Лорент мергендік танытты.

67-минутта Брукс тағы бір гол соғып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.

78-минутта Лорент екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін «Бёрнли» кездесуді он ойыншымен аяқтады.

Осылайша, «Бёрнли» жаңа маусымда екінші ойында жеңіліс тапты. Команда бұған дейін бір рет тең нәтиже тіркеген.

Айта кетейік, қыркүйек айында «Бёрнли» тағы бес кездесу өткізеді. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу