Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Польшадағы турнирде 14 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы «Silesian Open» турнирінде тамаша нәтиже көрсетті.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Польшадағы турнирде 14 медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

23-29 тамыз аралығында Польшаның Гливице қаласында бокстан «Silesian Open» халықаралық турнирі өтті. Жарысқа 18 мемлекеттен 200 спортшы қатысты.

Қазақстанның әйелдер құрамасы турнирде 10 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

U17 жас санатында 52 келіде Нұрайым Құдайберген, 60 келіде Балым Ғабитқызы, 63 келіде Мадина Нурманова және 70 келіде Аяулым Оспанова алтын медаль иеленді.

U19 санатында 48 келіде Асылай Мұрат, 51 келіде Мадира Жұмахан, 54 келіде Жанель Имантаева, 70 келіде Камила Оспанова, 75 келіде Алтынгүл Аймұхан және +80 келіде Зарина Толыбай жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, 60 келіде Ақнұр Тұрсынғали мен 80 келіде Айдана Убайдуллақызы күміс жүлдеге ие болды. 54 келіде Марал Төлепберген және 57 келіде Рамина Маханова қола медаль жеңіп алды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу