Асу Алмабаев бүгін Стамбулда жекпе-жек өткізеді

Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады.

Асу Алмабаев бүгін Стамбулда жекпе-жек өткізеді ашық дереккөзден

Қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаев бүгін, 30 тамызда Стамбул қаласында өтетін ACBJJ 22 турнирінде жекпе-жек өткізеді.

Алмабаев бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг лигасындағы алғашқы кездесуінде жеңіліс көрмеген Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен кездеседі. 

Жекпе-жек No-Gi ережесі бойынша, яғни кимоносыз күрес форматында өтеді. Кездесу 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұйымдастырылып, All-Stars Title Match мәртебесіне ие болады.

Бұл Асу Алмабаевтың ACBJJ-дегі алғашқы кездесуі. Қазақстандық спортшы 6 тамызда аталған лигамен келісімшарт жасасқан болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу