Месси тағы да тарих жазды: Аргентиналық жұлдыз «Интер Майами» сапында покер жасады
«Интер Майами» «Монреальді» ірі есеппен жеңді.
ашық дереккөзден
Лионель Месси MLS чемпионатының кезекті матчында керемет ойын көрсетіп, «Интер Майамидің» «Монреальді» ірі есеппен жеңуіне зор үлес қосты.
«Интер Майами» өз алаңында «Монреальді» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Кездесудің басты қаһарманы Лионель Месси болды. 39 жастағы аргентиналық шабуылшы қарсылас қақпасына төрт гол соғып, покер авторы атанды.
Месси 40, 52, 83 және екінші таймға қосылған алтыншы минутта мергендік танытты. Сонымен қатар «Интер Майами» сапында Каземиро мен Луис Суарес және Александер Шоу да гол соқты. Қонақтар сапынан жалғыз голды Фабиан Херберс салды.
Осы матчта Месси клубтық деңгейдегі 800-ші голын соқты. Ол бұл көрсеткішке 964 матчта жетті. Осылайша аргентиналық футболшы клубтар сапында 946 матчта 800 гол межесіне жетті. Бұл көрсеткіш бойынша ол Криштиану Роналдудан озып тұр. Португалиялық шабуылшы 800 голға 1060 матчта жеткен.
Аргентиналық жұлдыздың кәсіби мансабындағы жалпы гол саны 927-ге жетті.
Айта кетейік, «Интер Майами» 22 ойыннан кейін 42 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында келеді. Ал «Монреаль» 21 ұпаймен 14-сатыда тұр.