«Ертіс» «Ақтөбені» тізе бүктірді

«Ертіс» маңызды үш ұпайға ие болды.

«Ертіс» «Ақтөбені» тізе бүктірді ашық дереккөзден

Павлодарлық «Ертіс» Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңді.

Кездесуде есепті қонақтар ашты. 37-минутта «Ақтөбе» шабуылшысы Артур Шушеначев гол соғып,  командасын алға шығарды - 0:1.

Екінші таймда павлодарлықтар таразы басын теңестірді. 50-минутта «Ертістің» бразилиялық жартылай қорғаушысы Леонардо Калил есепті 1:1-ге жеткізді.

Арада үш минут өткенде алаң иелері екінші голын соқты. 53-минутта Рамазан Каримов «Ертісті» алға шығарды.

Қалған уақытта «Ақтөбе» есепті өзгерте алмады. Осылайша, павлодарлық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесіне үш ұпай қосты.

Бұл жеңістен кейін «Ертіс» 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде 13-орынға көтерілді. Ал «Ақтөбе» 35 ұпаймен бесінші орында қалды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу