Асу Алмабаев ACBJJ 22 турнирінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев бразилиялық джиу-джитсудан өткен ACBJJ 22 турниріне қатысты.

Асу Алмабаев ACBJJ 22 турнирінде жеңіске жетті ашық дереккөзден

Қазақстандық UFC шебері Асу Алмабаев Стамбулда өткен ACBJJ 22 турнирінде титулдық жекпе-жек өткізді.

Алмабаев 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәжікстан өкілі Халим Назрулоевпен (13-0) кездесті. No-Gi, яғни кимоносыз күрес ережесі бойынша өткен All-Stars Title Match жекпе-жегінде қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетіп, ACBJJ титулын иеленді. 

Айта кетейік, Асу Алмабаев бұған дейін өткен аптада RAF 12 турнирінде еркін күрестен сынға түсіп, америкалық Джонни Диджулиусқа есе жіберген болатын.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу