Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Нью-Йоркте US Open турнирі басталды.

Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады ашық дереккөзден

Александр Бублик маусымдағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің соңғысы - АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуін жеңіспен бастады.

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші бірінші айналымда әлемнің 253-ракеткасы, америкалық Джеффри Джон Волфпен кездесті. Волф турнир ұйымдастырушыларынан арнайы шақырту (wild card) алған.

Кездесу төрт сетке созылып, 6:4, 6:2, 3:6, 6:1 есебімен Бубликтің жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортта 2 сағат 15 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Бублик 18 эйс жасап, 10 рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші өзі алған сегіз брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды.

Бублик US Open турнирінің екінші айналымында аргентиналық Тьяго Агустин Тиранте мен француз Адриан Маннарино арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу