Жәния Бекмұхамбетова Словениядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы бір аптада екі халықаралық жарысқа қатысып, жүлдеге қол жеткізді.

Жәния Бекмұхамбетова Словениядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Қостанайлық жас теннисші Жәния Бекмұхамбетова Словенияда өтіп жатқан WTT Youth Contender Otocec халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Ол U13 жас санатында өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы турнир барысында Эма Калужаны (Словения), Каавья Саринді (Үндістан), Линь Цзяцзюньді (Сингапур), Стелла Пресецкиді, Ника Грегурецті және Петра Липовшчакты (Хорватия) 3:0 есебімен жеңді.

Финалдық кездесуде Жәния Сингапур өкілі Хуан Кристалды 3:1 есебімен ұтып, жарыстың алтын жүлдесіне қол жеткізді.

Айта кетейік, 27 тамызда Жәния Бекмұхамбетова Хорватияның Вараждин қаласында өткен WTT Youth Contender Varazdin турнирінде U13 санатында күміс медаль жеңіп алған болатын. Сол жарыста ол алты қарсыласын жеңіп, финалда хорватиялық Лизетт Фазекашқа 1:3 есебімен жол берген.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу