Сенсация: Новак Джокович мансабында алғаш рет US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліс тапты

Джокович - Навоне арасындағы матч 4 сағат 40 минутқа созылды.

Сенсация: Новак Джокович мансабында алғаш рет US Open турнирінің бірінші айналымында жеңіліс тапты ашық дереккөзден

Әлемнің бесінші ракеткасы Новак Джокович АҚШ ашық чемпионатындағы алғашқы кездесуінде жеңіліп, турнирден шығып қалды.

Сербиялық теннисші әлемдік рейтингте 49-орында тұрған аргентиналық Мариано Навонемен кездесті. 4 сағат 40 минутқа созылған тартысты матчта Навоне 6:7 (5:7), 7:5, 6:4, 2:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Осы жеңілістен кейін Джокович рейтингтік 790 ұпайынан айырылды. Қазіргі уақытта сербиялық теннисші live-рейтингте 11-орынға түсіп қалды. Ол соңғы рет әлемдік рейтингтің үздік ондығынан 2018 жылдың шілдесінде шыққан болатын.

Маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі - US Open Нью-Йоркте өтіп жатыр. Турнир 13 қыркүйекте аяқталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларды құрайды. Турнирдің ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздары 5,5 миллион доллардан алады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр әйелдер арасындағы жарыста әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко жеңімпаз атанса, ерлер арасында испаниялық Карлос Алькарас чемпион болған еді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу