«Қайрат» Семейде «Елімайды» жеңді
«Қайрат» «Елімайды» жеңіп, ҚПЛ-дағы екінші орнын сақтап қалды
ашық дереккөзден
Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымындағы 24-тур аясында Семейдің «Елімай» командасын жеңді.
Семейде өткен кездесу қонақтардыңm жеңісімен аяқталды - 2:0. Екі гол да бірінші таймда соғылды.
32-минутта испаниялық Марк Гуаль жойқын соққы жасап, допты ресейлік қақпашы Иван Коновалов қорғаған қақпаның бұрышына дәл бағыттады.
Араға үш минут салып португалиялық Луиш Мата «Елімайдың» қақпасының жоғары бұрышын дәл көздеп, есепті 2:0-ге жеткізді.
75-минутта «Қайрат» орталық қорғаушысы Александр Широбоковтың тікелей қызыл қағаз алуына байланысты алаңда бір ойыншыға кем қалды. Алайда қалған уақытта есеп өзгерген жоқ.
Осы жеңістен кейін «Қайрат» 51 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Алматы клубы көш бастап тұрған «Ордабасыдан» төрт ұпайға қалып келеді. Алайда бір ойыны кем.
Ал «Елімай» 32 ұпаймен алтыншы орында қалды.