Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Александр Бублик келесі кезеңде америкалық теннисшімен кездеседі.

Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына өтті ашық дереккөзден

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісті жолын жалғастырды.

Әлемдік рейтингте 16-орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 67-ракеткасы, франциялық Адриан Маннариномен кездесті.

Матч Бубликтің айқын басымдығымен өтіп, үш сетке ғана созылды. Александр қарсыласын 6:3, 6:1, 6:1 есебімен жеңіп, турнирдің үшінші айналымына жолдама алды.

Теннисшілер хард кортта 1 сағат 22 минут ойнады. Осы уақытта Бублик 16 эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді. Қазақстандық спортшы 14 брейк-пойнттың алтауын тиімді пайдаланды.

Енді Александр Бублик US Open-нің үшінші айналымында әлемдік рейтингте 29-орында тұрған америкалық Томми Полмен кездеседі.

Айта кетейік, маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі - US Open Нью-Йоркте өтіп жатыр. Турнир 13 қыркүйекте аяқталады. Жарыстың жалпы жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларды құрайды. Турнирдің ерлер және әйелдер арасындағы жеңімпаздары 5,5 миллион доллардан алады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу