Қазақстан құрамасы арқан тартыстан Көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан қоржынында әзірге жеті медаль бар.

Қазақстан құрамасы арқан тартыстан Көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алды ашық дереккөзден

Бүгін Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасы арқан тартыстан алтын медаль иеленді.

Арқан тартыстан 8х8 санатында өнер көрсеткен ұлттық құрама финалда Қырғызстан құрамасын жеңіп, жарыс чемпионы атанды. Осылайша, үшінші жарыс күнінің алғашқы жүлдесі Қазақстан құрамасына алтын медаль әкелді.

Айта кетейік, күні кеше жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және екі қола медаль иеленген болатын. Атап айтқанда, аударыспақтан Нұрталап Керім мен Сайлау Мұхаммеджан чемпион атанса, Расул Құрайыш күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар таяқ тартудан Нұрсұлтан Есімбай мен алыш күресінен Қожагелді Нұрсұлтан қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарыда 42 спорт түрінен 152 қазақстандық спортшы сынға түсуде. Ойындардың ашылу салтанатында еліміздің туын көкпардан әлем чемпионы Құрманбек Тұрғанбек ұстап шықты.

Бүгін, 3 қыркүйек қазақстандық спортшылар көкпар, аударыспақ, самбо, кыргыз күрөш, овари, мангала, тоғыз құмалақ, қашықтағы ат марафоны ордо, садақ ату, таяқ тартыс, тайған жарыс, стронгмен, жілік сындыру сияқты спорт түрінен сынға түседі.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу