Демеу Жадыраев бастаған қазақстандық балуандар Азия ойындарына қатысады

Азия ойындарына баратын қазақстандық балуандардың есімдері белгілі болды.

Демеу Жадыраев бастаған қазақстандық балуандар Азия ойындарына қатысады ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын балуандарының құрамы ресми түрде жарияланды. Жапонияның Айти-Нагоя префектурасында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын күрестің үш түрінен 18 спортшы қорғайды.

Ұлттық құрама сапында тәжірибелі балуандар өнер көрсетеді. 

Грек-рим күресінен 60 келі салмақта Ернұр Фидахметов, 67 келіде Мейіржан Шермаханбет, 77 келіде Демеу Жадыраев, 87 келіде Шамиль Ожаев, 97 келіде Ислам Евлоев және 130 келіде Олжас Сырлыбай ел намысын қорғайды.

Еркін күрестен 57 келіде Нұрданат Айтанов, 65 келіде Начын Куулар, 74 келіде Нұрқожа Қайпанов, 86 келіде Азамат Дәулетбеков, 97 келіде Ризабек Айтмұхан және 125 келіде Едіге Қасымбек бақ сынайды.

Әйелдер күресінен 50 келіде Зейнеп Баянова, 53 келіде Шұғыла Өмірбек, 57 келіде Нилуфар Раимова, 62 келіде Ирина Кузнецова, 68 келіде Жәмила Бақбергенова және 76 келіде Эльмира Сыздықова татамиге шығады.

Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти-Нагоя префектурасында өтеді. Күрес жарыстары 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында ұйымдастырылады.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу