Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатында алдағы үш ойында жеңіс тіркесе, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына өтті ашық дереккөзден

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісті жорығын жалғастырып, турнирдің үшінші айналымына жолдама алды.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші екінші айналымда 105-ракетка, Испания өкілі Джессика Бузас Манейромен кездесті. Кездесуде отандасымыз 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, төрт рет қос қателікке жол берді. Қазақстандық спортшы алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланып, кездесудің тағдырын өз пайдасына шеше алды.

Рыбакинаның қазіргі формасы да мамандардың назарын аударып отыр. Жарақаттан кейін бабына қайта келіп, матчтан матчқа ойын деңгейін жақсартып келе жатқан қазақстандық теннисшінің қозғалысы да айтарлықтай жақсарған. Қуатты соққылары мен эйстері US Open-дегі өзге қатысушылар үшін алаңдатарлық белгі болуы мүмкін.

Сонымен қатар Рыбакина әлемдік рейтингтің бірінші сатысына шығуға өте жақын тұр. Турнирдегі келесі үш жеңіс қазақстандық теннисшіге WTA рейтингінде көш бастауға мүмкіндік береді.

US Open-нің үшінші айналымында Елена Рыбакинаны Украина өкілі Юлия Стародубцева күтіп тұр. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу