Сумо аңызы Хакухо Сё Қазақстанға келді
Хакухо Сё 22 жасында спорттағы ең жоғары дәреже - ёкодзуна атағын алған.
ашық дереккөзден
Жапон сумосының тарихында өшпес із қалдырған 69-шы ёкодзуна Хакухо Сё Қазақстан күрес федерациясына арнайы қонақ ретінде барды.
Кездесу барысында сумо аңызы қазақстандық жас балуандармен жүздесіп, спорт, жаттығу жүйесі және күрес мәдениеті жөнінде пікір алмасты.
Айта кетейік, Хакухо Сё - кәсіби сумо тарихындағы ең табысты балуандардың бірі. Ол 2001 жылы кәсіби сумодағы алғашқы белдесуін өткізіп, 2007 жылы небәрі 22 жасында спорттағы ең жоғары дәреже - ёкодзуна атағына қол жеткізді.
Моңғолияда дүниеге келген Хакухо кәсіби мансабында 1 187 жеңіске жеткен. Оның 1 093 жеңісі жоғары дивизиондағы кездесулерге тиесілі. Бұл көрсеткіштер оны сумо тарихындағы ең ұлы балуандардың қатарына қосады.