Француз велошабандозы XDS Astana Team сапына қосылады
Николя Бройяр 2027 жылғы маусымнан бастап XDS Astana Team құрамында әлемдік велоспорттың ең ірі жарыстарында өнер көрсетеді.
ашық дереккөзден
26 жастағы француз велошабандозы Николя Бройяр 2027 жылдан бастап Мировой турдағы XDS Astana Team сапында өнер көрсетеді. Келісімшарт екі маусымға - 2027 және 2028 жылдарға жасалған.
Бройяр биыл кәсіби мансабындағы алғашқы маусымын өткізіп жатыр. Осы уақыт аралығында ол Чехия турында және Түркия Президенттік турында жалпы есепте бесінші орын иеленді. Сонымен қатар, Прованс турында және Приморские Альпы департаменті турында сегізінші орын алды.
Француз спортшысы XDS Astana Team сапына ауысуға қуанышты екенін айтып, команданың шабуылдаушы стилі өзінің жарыс мәнеріне жақын екенін атап өтті. Ол жаңа командада тәжірибе жинап, ең жоғары деңгейде дамуды көздейтінін жеткізді.
Команданың бас менеджері Александр Винокуров Бройярдың әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Оның пікірінше, француз шабандозы кәсіби пелотондағы алғашқы маусымында-ақ өз мүмкіндігін көрсете бастаған және Әлемдік турдағы келесі кезеңі оның дамуына үлкен мүмкіндік береді.