Рыбакина - Осака: Ширек финалға кім жолдама алады?

Егер Елена Рыбакина алдағы үш кездесуде жеңіске жетсе, әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Рыбакина - Осака: Ширек финалға кім жолдама алады? ашық дереккөзден

Бүгін Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының төртінші айналымында жапониялық Наоми Осакамен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 23:30-да басталады.

Рыбакина US Open-2026 турнирінде үш кездесуінде сенімді өнер көрсетіп, үшінші айналымда әлемнің 58-ракеткасы Юлия Стародубцеваны 7:6 (8:6), 6:3 есебімен жеңді. 

Ал Наоми Осака үшінші айналымда бельгиялық Элизе Мертенсті үш сетте - 6:3, 3:6, 7:5 есебімен ұтты. Осылайша, төрт дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы төртінші айналымға жолдама алды.

Екі теннисші бұған дейін бір-ақ рет кездескен. Биыл тамыз айында Торонтода өткен турнирдің ширек финалында Рыбакина алғашқы сетте 4:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейін таразы басын өз пайдасына аударып, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен жеңіске жеткен.
Айта кетейік, матч алдында Наоми Осака Елена Рыбакинаға қарсы матчта ең жоғары деңгейде өнер көрсетуі қажет екенін атап өтті. Жапониялық теннисші қазақстандық спортшыны әлемдегі үздік теннисшілердің бірі деп санайтынын айтты.

Осака мұндай деңгейдегі кездесулер теннисті ерекше ететінін жеткізді. Сондай-ақ ол Рыбакинаның ойын мәнерімен аздап таныс екенін де атап өтті. 

Рыбакина мен Осака арасындағы матчтың жеңімпазы US Open-ның ширек финалында әлемнің сегізінші ракеткасы Ига Швёнтек пен Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін басты сұрақ - Рыбакина Торонтодағы жеңісін қайталап, Нью-Йоркте турнирдің ширек финалына жолдама ала ма? Жауабы бүгін түнде белгілі болады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу