«Арсенал» «Челсиді» жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді

«Арсенал» маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

«Арсенал» «Челсиді» жеңіп, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді ашық дереккөзден

Англия Премьер-лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы 3-тур аясында «Арсенал» мен «Челси» арасында Лондон дербиі өтті. «Эмирейтс» стадионында өткен кездесуде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта Крис Кавана төрешілік етті. 

«Челси» есепті небәрі 2-минутта ашты. Морган Роджерс қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасын алға шығарды.

12-минутта Риккардо Калафьори голын соққанымен, VAR тексеруінен кейін төреші голды есепке алмады.

Алайда 25-минутта Кай Хаверц есепті теңестірді. Ал екінші таймның 50-минутында Мартин Эдегор мергендік танытып, «Арсеналды» алға шығарды - 2:1.

Осы нәтижеден кейін «Арсенал» үш турдан кейін тоғыз ұпай жинап, Премьер-лиганың турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Челси» алты ұпаймен төртінші орында тұр.

Келесі турда «Арсенал» 12 қыркүйекте «Сандерлендпен» кездеседі. Сол күні «Челси» өз алаңында «Халл Ситиге» қарсы ойын өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу