Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина 9 қыркүйекте қытайлық теннисшімен кездеседі.

Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына шықты ашық дереккөзден

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Турнирдің төртінші айналымында қазақстандық теннисші төрт дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы, әлемнің 13-ракеткасы Наоми Осаканы жеңді. Кездесу 6:1, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Кездесуден кейін қазақстандық теннисші ойынға көңілі толатынын атап өтті.

«Бүгін өте жақсы ойнадым. Допты жақсы сезіндім. Бірнеше рет сызыққа дәл түсті. Нәтижеге және өз өнеріме көңілім толады.

Наоми - өте қиын қарсылас. Ол агрессивті ойыншы. Керемет атмосфера үшін барлығыңызға рақмет», - деді Рыбакина.

Ширек финалда Еленаның қарсыласы қытайлық Циньвэнь Чжэн болады. Рыбакина мен Чжэн арасындағы матч 9 қыркүйекте Қазақстан уақытымен 20:30-да басталады. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу