Азия ойындарына қатысатын қазақстандық боксшылардың есімдері белгілі болды

Азия ойындарында тәжірибелі боксшылар ел намысын қорғайды.

Азия ойындарына қатысатын қазақстандық боксшылардың есімдері белгілі болды ашық дереккөзден

ХХ Жазғы Азия ойындарында бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады. Жарыс алдында қазақстандық боксшылар бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Қазақстан ерлер құрамасында алты спортшы өнер көрсетеді. 55 келі салмақта Махмұд Сабырхан, 60 келіде Оразбек Асылқұлов, 70 келіде Төрехан Сабырхан, 80 келіде Сабыржан Аққалықов, 90 келіде Нұрбек Оралбай және аса ауыр салмақта Айбек Оралбай ел намысын қорғайды. Ерлер командасының бас жаттықтырушысы Нұржан Насанов.

Әйелдер құрамасына 51 келіде Алуа Балқыбекова, 54 келіде Назым Қызайбай, 60 келіде Виктория Графеева, 65 келіде Аида Әбікеева және 75 келіде Наталья Богданова енді. Әйелдер құрамасын Елдос Сайдалин басқарады.

Айта кетейік, Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Құрлықтық додаға Азияның 45 ұлттық олимпиадалық комитеті қатысады. 
Қазақстан құрамасы бұл жарыста спорттың 35 түрінен 99 медаль жеңіп алуды мақсат етіп отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу