«Реал» «Интерді» тізе бүктірді

Мбаппе Чемпиондар лигасында Раульді қуып жетті.

«Реал» «Интерді» тізе бүктірді Angel Martinez / Getty Images

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бірінші турында миландық «Интерді» жеңіп, маусымды сәтті бастады.

Мадридте өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Испаниялық клуб сапынан Килиан Мбаппе мен Федерико Вальверде мергендік танытса, «Интердің» жалғыз голын Карлос Аугусто соқты.

Мбаппе үшін бұл матч ерекше көрсеткішпен есте қалды. Француз шабуылшысы Чемпиондар лигасындағы 71-голын соғып, турнир тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде бесінші орынға көтерілді. Ол бұл көрсеткіш бойынша аты аңызға айналған «Реал» шабуылшысы Раульмен теңесті.

Чемпиондар лигасының үздік сұрмергендері қатарында Криштиану Роналду 140 голмен көш бастап тұр. Екінші орында Лионель Месси - 129 гол. Үшінші сатыда Роберт Левандовский (109), төртінші орында Карим Бензема (90).

Келесі турда «Реал» 14 қазанда сырт алаңда «Ромамен» кездеседі. Ал «Интер» бір күн бұрын өз алаңында бельгиялық «Брюггені» қабылдайды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу