WTT Contender Almaty 2026 турнирінің қорытындылары
Алматыдағы бәсекеде жапониялық спортшылар үш санатта топ жарды.
/insports.kz
Алматы қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Contender Almaty 2026 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ерлер арасындағы жекелей сында
Ерлер арасындағы жекелей сындағы финалда Жапония өкілі Шунсуке Тогами Франция спортшысы Симон Гозиге қарсы кездесуді сенімді өткізіп, 4:0 есебімен жеңіске жетті және WTT Contender Almaty 2026 чемпионы атанды.
Әйелдер арасындағы жекелей сында
Әйелдер арасындағы жекелей сындағы финалда турнирдің ең мықты екі спортшысы кездесті. Жапониялық Миу Хирано отандасы Хина Хаятаны 4:1 есебімен жеңіп, әйелдер жұптық сынындағы жеңісінен кейін турнирдегі екінші чемпиондық атағын иеленді.
Ерлер жұптық сынында
Күннің ең тартысты кездесуі ерлер жұптық сынының финалы болды. Ресейлік Лев Кацман / Максим Гребнев жұбы бес сетке созылған шиеленісті матчта швециялық Маттиас Карлссон / Кристиан Карлссонды 3:2 есебімен жеңді.
Әйелдер жұптық сынында
Жапониялық Миу Хирано / Мию Кихара жұбы жоғары деңгейдегі үйлесімді ойын көрсетіп, Үндістан өкілдері Синдрела Дас / Сутиртха Мукерджиге еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Аралас жұптық сында
Аралас жұптық сынның финалында Ресей құрамасының өкілдері Евгений Тихонов / Мария Панфилова Жапония спортшылары Кадзуки Йошияма / Юна Оджионы 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Турнирдің бас серіктестері – @samrukkazyna_official «Самұрық-Қазына» АҚ және туризм мен спорт индустриясын қолдау қоры Sport Qory @sportqory .
Қазақстан үстел теннисі федерациясы демеушілік қолдау көрсеткен ADD Capital, Halyk Bank, Allur, Kazakhmys және ERG компанияларына алғыс білдіреді.
Халықаралық турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне және Алматы қаласының әкімдігіне ерекше алғысымызды білдіреміз.