Елена Рыбакина: Қазақстан атынан өнер көрсететінімді мақтан тұтамын

Елена Рыбакина әлемнің бірініші ракеткасы атанды.

Елена Рыбакина: Қазақстан атынан өнер көрсететінімді мақтан тұтамын ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі тарихи жетістігінен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Рыбакина өз жазбасында Қазақстан атынан өнер көрсететінін мақтан тұтатынын айтты. 

«Сенсең, бәрі де мүмкін! Қазақстан атынан өнер көрсетіп, тарих жазғанымды мақтан тұтамын. Ел тарихындағы алғашқы әлемнің бірінші ракеткасы болғаныма қуаныштымын!», - деп жазды Елена Рыбакина Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде мансабындағы маңызды нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшы ширек финалда Қытай өкілі Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалына алғаш рет жолдама алды.

Сонымен қатар осы жеңістен кейін Рыбакина келесі аптада жаңартылатын әлемдік рейтингте көш бастайды.

Осылайша Елена Рыбакина Қазақстан теннисі тарихында әлемнің бірінші ракеткасы атанған алғашқы спортшы болады. Сонымен қатар қазақстандық теннисші WTA тарихында рейтинг көшін бастаған 30-шы спортшы атанады.

Енді Рыбакинаны US Open турнирінде америкалық Коко Гауфф күтіп тұр. 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу