Жібек Құламбаева Антальядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды
Жібек Құламбаева жұптық сында өнер көрсетуде.
ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Антальяда өтіп жатқан WTA 125 турнирінде жұптық сында жартылай финалға шықты.
Құламбаева Үндістан өкілі Рутуджа Бхосалемен жұп құрып, жарыстың ширек финалында испаниялық Ирене Бурильо Эскорихуэла мен Лейре Ромероға қарсы кортқа шықты.
Қазақстандық-үндістандық жұбы кездесуді сенімді өткізіп, қарсыластарына мүмкіндік бермеді. Құламбаева мен Бхосале алғашқы сетте бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен басым түсті. Екінші партияда да қарқынын бәсеңдетпей, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Ойын 1 сағат 5 минутқа созылды.
Енді қазақстандық теннисші мен оның серіктесі Антальядағы WTA 125 жарысының финалына шығу үшін Алевтина Ибрагимова/Ксения Зайцева - Софья Лансере/Елена Приданкина жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі.