Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды

Турнир 12 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы халықаралық турнирде қола жүлде жеңіп алды ашық дереккөзден

Таиландта үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Youth Contender Bangkok II халықаралық турнирінде қазақстандық спортшы жүлдеге ие болды.

U13 жас санатында Қостанай қаласының өкілі Жәния Бекмұхамбетова қола медаль жеңіп алды. 

Жәния жарыс барысында Таиланд өкілдері Амина Прасонполды 3:1, Беньяфу Сураситті 3:0, Наттхапат Лимсирилертті 3:0 және Жапония спортшысы Ноноку Сузукиді 3:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы Қытайлық Тайбэй өкілі Йен Пэй Эньге 0:3 есебімен жол берді.

Айта кетейік, WTT Youth Contender - World Table Tennis ұйымдастыратын жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирлер сериясы. Жарыста әлемнің әр елінен келген жас спортшылар рейтингтік ұпайлар мен жүлделер үшін бақ сынауда.

Bangkok II турнирі 2026 жылғы 9-12 қыркүйек аралығында Таиланд астанасындағы Fashion Island Bangkok кешенінде өтуде.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу