Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина - әлемнің бірінші ракеткасы.

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты ашық дереккөзден

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына жолдама алды.

Отандасымыз жартылай финалда әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті. Нью-Йорктегі хард кортта өткен тартысты матч үш сетке созылды. Елена Рыбакина алғашқы партияда 3:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, кейінгі екі сетте басымдық танытып, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық теннисші матчты 3:6, 6:4, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Теннисшілер кортта 2 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт аралығында Рыбакина бес эйс жасап, екі рет қос қате жіберді. Қазақстандық спортшы бес брейк-пойнттың үшеуін тиімді пайдаланды.

Бұл жеңіс Елена Рыбакинаны мансабында алғаш рет US Open турнирінің финалына шығарды. Үлкен дулыға додасының шешуші кездесуінде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

Сонымен қатар Елена Рыбакина US Open-2026 қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте бірінші орынға шығады. Финалдағы нәтижеге қарамастан, қазақстандық теннисші 14 қыркүйекте жаңартылатын WTA рейтингінде әлемнің бірінші ракеткасы атанады.

Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстан теннисі тарихында әлемдік рейтингте көш бастаған алғашқы қазақстандық теннисші атанғалы отыр.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу