МРТ нәтижесі кедергі болды: Самородов «Спартакқа» ауыспайды

Трансфер құны 650 млн рубльді құрауы тиіс болған.

МРТ нәтижесі кедергі болды: Самородов «Спартакқа» ауыспайды ашық дереккөзден

Қазақстандық шабуылшы Максим Самородов Грозныйдың «Ахмат» клубынан Мәскеудің «Спартак» командасына ауыспайтын болды. 

Басты себеп - футболшының медициналық тексеріс нәтижелері. Бұған дейін екі клуб трансфер бойынша барлық шарттарды келісіп, 24 жастағы шабуылшының Мәскеу клубына ауысуы іс жүзінде шешілген болатын.

Алайда «Спартак» сапындағы медициналық тексеріс кезінде Самородовтың МРТ нәтижелері мәскеуліктерді қанағаттандырмаған. Осыған байланысты тараптар келісімге келе алмай, трансфер жүзеге аспады. Трансфер құны 650 млн рубльді құрауы тиіс болған.

Самородов биылғы маусымда «Ахмат» сапында барлық турнирде сегіз матч өткізіп, бір гол соқты. Қазақстан құрамасының ойыншысының Грозный клубымен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу