Азия ойындары: Баскетболдан Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді

Азия ойындарындағы баскетбол жарысы негізгі бағдарлама басталғанға дейін өтіп жатыр.

Азия ойындары: Баскетболдан Қазақстан құрамасы Қытайға есе жіберді ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізді.

Қазақстандық баскетболшылар топтық кезеңдегі алғашқы матчта Қытай құрамасымен кездесті. Ойын қорытындысы бойынша қытайлық спортшылар 99:61 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында С тобында өнер көрсетіп жатыр. Ұлттық команда келесі кездесуін 12 қыркүйекте Филиппин құрамасына қарсы өткізеді. Ал топтық кезеңнің соңғы матчында 14 қыркүйекте Бахрейн құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу