Астанада спорттық жүзуден Мастерс санатындағы Қазақстан Республикасының VIII ашық чемпионаты өтеді

12–13 қыркүйекте Астанада спорттық жүзуден «Мастерс» санатындағы Қазақстан Республикасының VIII ашық чемпионаты өтеді.

Астанада спорттық жүзуден Мастерс санатындағы Қазақстан Республикасының VIII ашық чемпионаты өтеді Al Atameken Business

Жарысты «Qazaq Aquatics» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы жүзу шеберлерінің федерациясы ұйымдастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Чемпионат Қазақстанның, Еуразиялық экономикалық одақ пен Орталық Азия елдерінің, Ресейдің, ТМД және басқа мемлекеттердің жүзу ардагерлерін біріктіреді. Жарыс 50 метрлік, 10 жолақты бассейнде электронды хронометраж жүйесімен өтеді.

Чемпионаттың мақсаты – спорттық жүзу ардагерлері арасындағы достық байланысты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық жүзуді дамыту және шебер жүзушілердің спорттық деңгейін арттыру.

Салтанатты ашылу рәсімі: 12 қыркүйек, сағат 09:45

Жарыстың басталуы: 12 және 13 қыркүйек, сағат 10:00; жаттығу сағат 09:00-де

Өтетін орны: Қазақ ұлттық спорт университетінің спорт кешені, Қарқаралы көшесі, 15, Астана

Жарыс бағдарламасы 

1-күн  12 қыркүйек
1-й день  12 сентября

2-күн  13 қыркүйек
2-й день  13 сентября

  50 м баттерфляй

  50 м шалқалап жүзу / на спине

  100 м еркін стиль / вольный стиль

  100 м брасс

  200 м баттерфляй

  200 м шалқалап жүзу / на спине

  4×50 м аралас эстафета / комбинированная эстафета

  200 м кешенді жүзу / комплексное плавание

  400 м еркін стиль, ерлер / вольный стиль, мужчины

  1500 м еркін стиль, әйелдер / вольный стиль, женщины

  50 м брасс

  50 м еркін стиль / вольный стиль

  100 м шалқалап жүзу / на спине

  100 м баттерфляй

  200 м брасс

  200 м еркін стиль / вольный стиль

  4×50 м еркін стиль эстафетасы / эстафета вольным стилем

  400 м еркін стиль, әйелдер / вольный стиль, женщины

  1500 м еркін стиль, ерлер / вольный стиль, мужчины

 

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу