Қазақстанның көк туын Азия ойындарында кімдер ұстайтыны белгілі болды

XX жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 19 қыркүйекте Нагоя қаласында өтеді.

Қазақстанның көк туын Азия ойындарында кімдер ұстайтыны белгілі болды ашық дереккөзден

2026 жылғы ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі Сарвиноз Миркадирова ұстап шығады.

Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.

Елдос Сметов - Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем және Азия чемпионы, сондай-ақ 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы. Ал Сарвиноз Миркадирова Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, WTT Feeder Parma турнирінің қола жүлдегері.

Айта кетейік, Қазақстанның туын бұған дейінгі Азия ойындарында Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бахтияр Артаев, Серік Сапиев, Адильбек Ниязымбетов, Абильхан Аманқұл, Асланбек Шымбергенов және Надежда Дубовицкая ұстаған.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу