Аламгир Смақов Түркияда тағы да гол салды

Бұл Смақовтың түркиялық клуб сапындағы төртінші голы.

Аламгир Смақов Түркияда тағы да гол салды ашық дереккөзден

19 жасқа дейінгі футболшылар арасындағы Түркия чемпионатының 5-турында «Бешикташ» өз алаңында «Эрзурумспорды» 4:1 есебімен жеңді. Қазақстандық жас футболшы Аламгир Смақов Түркия чемпионатында кезекті голын соғып, «Бешикташтың» жеңісіне үлес қосты Қазақстандық жартылай қорғаушы Аламгир Смақов кездесудің 50-минутында мергендік танытты.

Жеңімпаздар қатарынан Батухан Фазыл 45-минутта, ал Туна Баран Демир 73 және 88-минуттарда гол салды. 

Осы жеңістен кейін «Бешикташ» 15 ұпай жинап, чемпионат кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Эрзурумспор» бір ұпаймен 17-сатыда тұр.

«Бешикташ» келесі кездесуін 20 қыркүйекте сырт алаңда «Амедспорға» қарсы өткізеді.

Telegram
Біздің Telegram каналымыздағы спорт әлемінің ең қызығы Insports.kz
Жазылу